Еңбек ахуалын шынайы зерделеу
Астанадағы Назарбаев университетінде өткен Орталық Азия аймағына арналған І жыл сайынғы зерттеу форумының пленарлық сессиясында, Әлеуметтік тұрақтылық индексінің еліміздегі еңбек ұжымдарындағы ахуалды бағалаудың тиімді құралына айналғаны айтылды.
«Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Ербол Исмаилов жүргізген шарада ғылым мен бизнестің тиімді түрде ықпалдаса білу жайы сөз болды.
«Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобын қамтитын «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» зерттеуі болса, 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. 2017 жылдың қорытындысы көрсеткендей, ел бойынша сауалнама жүргізілгендер саны 35 292 адамды және 274 жұмыс берушіні құрап, «Самұрық-Қазына» компаниялары тобындағы қызметкерлердің еңбек етуге құлшынысы артқаны байқалды.
«Зерттеу жүргізіліп келе жатқан бес жылдағы нәтиже сол, Қор құрамындағы компаниялар еңбеккерлер арасындағы шынайы ахуалға көбірек қанық болып, тиісті шаралар қабылдауға тырысады. Бұл дегеніңіз, түйткілді мәселелердің дәл анықтап, шешімін табуға мүмкіндік туады», — деді зерттеу мәніне тоқталған Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Ербол Исмаилов.
0 comments on Еңбек ахуалын шынайы зерделеу