Жаңалықтар
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ҚАЙТСЕ ҚОРҒАЛАДЫ?

Бүгін Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі бойынша кеше Ақтау қаласында бастау алған еңбек заңнамасына тақырыбындағы оқыту модулі аяқталуға жақын.

ТИІМДІ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Бұл туралы Ақтөбеде өткен «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: тәжірибесі мен даму перспективалары» семинар-кеңесінде қарастырылды.

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Доғдыр Бекешовтің өскен ортасын әріптестері «Мұнайшылар әулеті» деп мақтан тұтады. Айтса айтқандай, әкесі Бекеш Сағызбай «КРЭС» мекемесінде өмірінің соңына дейін еңбек етті. Қанды қырғын майданнан аман оралған Ұлы Отан соғысының ардагері еді. Ғасыр айналар ғұмырда мұнайлы мекеннен өз ризық-несібесін терген Бекешовтар отбасының Доғдырдан өзгелері бүгінде құрметті еңбек демалысына шыққан. Ал жолдасы Ұлболсын Ығылманова мұнайшылар асханасының меңгерушісі, інісі Бекеш Серікбай мұнайшылардың тамағын дайындайтын аспаз болып қызмет етеді.

ДАРЫНДЫ ІТ-МАМАНДАР ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНУЫ МҮМКІН

«Самұрық-Қазына» АҚ мен оның құрамындағы компаниялар креативті жас IT-мамандарын жұмысқа алады. Бұл туралы «Цифрлық жаз 2018» бағдарламасының ашылу салтанатында Қордың басқарушы директоры Әлішер Пірметов мәлімдеді.

КӘСІПОДАҚҚА СОҢҒЫ РЕТ ҚАШАН БАРДЫҢЫЗ?

ҚР Кәсіподақтар федерациясында өткен конференцияда баяндама жасаған Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының бас директоры Ербол Исмаилов та осы мәселені нұсқап көрсетіп, бүгінгі таңда қарапайым еңбек адамдары тарапынан әлі де болса кәсіподаққа сенім төмендеу екеніне назар аударды. 

ЖАНАРМАЙ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңадан салынған RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылданды.

«ЖАС ӨРКЕН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Әлішер Пірметовтің төрағалық етуімен жас мамандарға арналған «Жас Өркен» бағдарламасы байқауының ақтық кезеңі – байқау комиссиясының отырысы өтті.

ЕНДІГІ КЕЗЕКТЕ — АСТАНА

Кеше, яғни 2 маусым күні Ақтау қаласындағы «Үлес» кеңсесінде жаңа маусым алдында Әлеуметтік тұрақтылық индексі әдістемесі таныстырылды.

АЛМАТЫДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ТАПШЫЛЫҚ ЖОЙЫЛАДЫ

Алматыда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен «Түркісіб» қосалқы станциясы іске қосылды. Осы арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ 10 жыл бұрын басталған «Алматыны энергетикалық қайта жарақтандыру» бағдарламасын толық аяқтады. Жаңа қуат көзінің нысаны Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтауға мүмкіндік бермек.

ТАҒЫЛЫМДАМА БАҒДАРЛАМАСЫ — ТӘЖІРИБЕ АРҚАУЫ

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қордың қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз 2018» тағылымдама бағдарламасынының сұхбаттасу кезеңі басталды, деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Беттер: 12345
Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс