Жаңалықтар
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ҚАЙТСЕ ҚОРҒАЛАДЫ?

Бүгін Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі бойынша кеше Ақтау қаласында бастау алған еңбек заңнамасына тақырыбындағы оқыту модулі аяқталуға жақын.

Алғашқы күні еңбек қатынастары субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек шартының басты ұстындары, еңбек ету тәртібі, жұмыс уақыты ұғымдары, демалыс мерзімін реттеу, еңбекақы төлеу сынды өзекті мәселелерден тыс, әлеуметтік серіктестік, жеке еңбек даулары, ұжымдық шарт сияқты жайттар қарастырылып, қатысушылар қызу пікір алмасты.

Екінші күні білімін шыңдай түскен кәсіподақ ұйымдарының басшылары еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өндірістегі оқыс оқиғалар, еңбек заңнамасын бұзғандағы жауапкершілік тәрізді қызмет қырларын талқылады. Сонымен қатар, заң ғылымдарының кандидаты, Ph.D Ainur Nadirova кәсіподақ мүшелерінің құқығын қалай қорғау керектігімен бөлісті.

Маңғыстау облысы Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Мейіржан Тұманов бұл жолғы оқыту шарасы өткен модульдерге қарағанда ерекше болғанын айтады.

«Себебі қозғалған мәселелер күнделікті ісімізге жақын, алайда таңсық тұстары көп болды. Мысалға жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы, лайықты жұмыс орнын қамтамамыз ету, жұмыс берушімен байланыс түйткілдері жіті назар аударуды талап етеді. Дәріс берушінің жоғары кәсіби біліктілігін атап өткен де жөн. Еңбек кодексі секілді күрделі құжаттарды қарапайым тілмен түсіндіре білді», — дейді Мейржан Туманов (Миржан Туманов) «Самұрық-Қазына» қорының мұндай жобаларының пайдасы мол екенін келтіріп.

 

Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс