Жаңалықтар
ДАРЫНДЫ ІТ-МАМАНДАР ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНУЫ МҮМКІН

«Самұрық-Қазына» АҚ мен оның құрамындағы компаниялар креативті жас IT-мамандарын жұмысқа алады. Бұл туралы «Цифрлық жаз 2018» бағдарламасының ашылу салтанатында Қордың басқарушы директоры Әлішер Пірметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамалық бағдарлама «Цифрлық Қазақстан» жобасын дамыту аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама тағылымдамадан өту барысында туындаған қандай да бір идеяларды іске асыру ықтималдылығын бағалауға мүмкіндік береді.

«Елбасы атап көрсеткендей, бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті болу үшін пайдалы қазбалар жеткіліксіз, ол үшін мемлекет цифрлық технологиялар саласында алдыңғы қатарда болуы керек. Біз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ретінде сандық технологияларды дамытуға мүдделіміз»,- деп атап өтті Әлішер Пірметов.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен оның қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз 2018» тағылымдама бағдарламасы басталды. Осы бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тағылымдамадан өтуші жастар бәсекелестігі жоғары IТ саласында құнды тәжірибе мен білім алады, SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмыстарын шыңдай алады.

Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс