Кеше, яғни 2 маусым күні Ақтау қаласындағы «Үлес» кеңсесінде жаңа маусым алдында Әлеуметтік тұрақтылық индексі әдістемесі таныстырылды.
Оңтүстік өңірлерден кейін батысқа ойысқан «Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшылары жергілікті компаниялардың HR және әлеуметтік сала мамандарымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын зерттеу мәселелерін талқыға салды.
Ертең мұндай көшпелі семинар-кеңес Астана қаласында да өтеді деп жоспарланып отыр.
Әлеуметтік тұрақтылық индексі өндірістік компаниялардағы еңбек жағдайлары, коммуникациялық қарым-қатынас, кәсіподақ жұмысы, кадрлық және әлеуметтік саясат бағыттарының шынайы жағдайын көрсетеді. 2013 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеу 270-ден астам компаниядағы 40 мыңға жуық еңбеккерді қамтуда.
Бүгін Шымкент қаласында Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің 6 модульден кешенді оқу бағдарламасының кезекті екікүндік дәрісі басталды. Бірден айта кететіні, қатысушылардың Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы ұйымдастырған "Тиімді коммуникациялар" тақырыбындағы сабақтарға қызығушылығы зор, қызу талқылаулар жүруде деп хабарлайды SK News тілшісі.
Бүгін Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі бойынша кеше Ақтау қаласында бастау алған еңбек заңнамасына тақырыбындағы оқыту модулі аяқталуға жақын.