Жаңалықтар
МҰНАЙДЫ НЕГЕ БАРРЕЛЬМЕН ӨЛШЕЙДІ?

Алғашында мұнайды тасымалдауда нақты ыдыс түрі қарастырылмаған. Кей жерде мұнайды ағаш бөшкелерге құйса, кей жерде осы мақсатта бөрдек (бурдюк) қолданған. XIX ғасырдың екінші жартысында мұнай өндірудің қарқынды дамуына байланысты, мұнай құюға арналған ыдыстың тапшылығы біліне басталған. Сауда-саттық кезінде саудагерлер ақшаны 1 бөшке үшін төлейтін болған. Сол себепті көлемі мен пішіні әртүрлі бөшкелер баға белгіленген кезде үлкен мәселе тудырған.

1866 жылдың тамыз айында Пенсильванияның солтүстік-батысында мұнайға деген сұраныс кенеттен өседі. Осыған орай американдық дербес мұнай өндірушілер Титусвилла қалашығында кездеседі. Осы кездесуде көтерілген басты мәселенің бірі – мұнай тасымалдау ыдысының стандарт көлемін айқындау болған. Нәтижесінде стандартты мұнай баррелі ретінде 42 галлон көлемі бекітіледі.

42 галлонға тең бөшкелерді таңдау бекерден емес. Бұл – ересек адам көтере алатын стандарт салмағы. 1 баррель = 42 американдық галлон = 159 литрге жуық шикі мұнай.

 

Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс