Жаңалықтар
«ҮЛЕС» ЖОБАСЫНЫҢ АЙҚЫН ЖЕМІСІ

Сәрсенбай Келдеков Ақтау қаласында орналасқан «Үлес» әлеуметтік бейімдеу орталығының көмегін алған алғашқы жандардың бірі болып отыр.

Көлік саласындағы механик мамандығы бойынша орта-техникалық білімі бар, 4 баланың әкесі Сәрсенбай мұнай-сервис компаниясынан жұмыстан босаған соң, өткен жылдың аяғы әйелін ертіп «Үлес» кеңсесіне келген.

Нәтижесінде «Кәсіпкерлік негіздері» бизнес тренингінен өтіп, «Даму» және Ауыл шаруашылығын қолдау қорларының кеңесін тыңдаған. Сонымен қатар, «үлестіктер» оның қаржылық сауатын көтеруге жәрдем жасап, ағылшын тілін үйрету жағы қарастырылған. Түйіндемені дұрыс толтыру, жұмыс іздеу тәсілдері нұсқалған.

«Үлес» орталығы біліктілігімді көп арттырды. Халыққа пайдалы жобалары мол. Әрі қарай да көкжиегімді кеңейте бермекпін», — дейді ертеңгі күнге нық сеніммен бүгінде ауыл шаруашылығы техникасы мен цех жабдықтарына, өзге де қондырғыларға қызмет көрсету ісіне ден қойған Сәрсенбай Рахманбердіұлы.

 

Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс