Жаңалықтар
МОЙНАҚ СЭС МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ?

Алматы облысындағы Шарын өзенінің бойында орналасқан Мойнақ су электр станциясы, сарапшылар тарапынан, Орталық Азия аумағындағы ең ауқымды осындай зияткерлік нүкте болып саналуда. Стратегиялық маңызды нысанның салынуы арқылы еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр қуатына тапшылық деңгейі төмендеген.
Қарапайым тілмен айтқанда, таңертеңгілік және кешкілік уақыт электр желілеріне шамадан тыс түсетін ауыртпалық жайы шешімін тапқаны мәлімделуде.

«Мойнақ СЭС» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Берлібаев, қарамағындағы кәсіпорынның бәрінен бұрын Алматы қаласын және Алматы облысын, оның орталығы Талдықорған шаһарын электрмен жабдықтауды қамтамасыз етіп отырғанын жеткізеді. Осы орайда, инновациялық жобаның ерекшелігі сол, станция басындағы жұмыс қазіргі заманғы құрылғылардың арқасында толықтай автоматты күйге енген.
«Біздегі су электр станциясындағы компьютерлік бақылау жүйесі, жауапты іс-қимылдар легін автоматты тұрғыда басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша гидроагрегаттар мен өндіріс көрігі қайнаған қызу әрекет жүктемесі, белсенді және реактивті қарқын күші үнемі назарда ұсталады. Сәйкесінше, барынша тиімді қызметке жол ашылып, жұмыс құралдары апатсыз, мүлткісіз кәдеге жарайды», — деп әңгімелейді ол.

Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс