Жаңалықтар
«МЕНІҢ ЕЛІМ» ЖОБАСЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Самұрық-Қазына» қорындағы «Менің елім» әлеуметтік жобасының өткен 2017 жылдағы нәтижесі:

Қазақстанның 100 түзету мектебі қажетті арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді;

Қазақстанның 240 жалпы білім беретін мектебі жан-жақты спорттық құралдармен жабдықталды;

Аймақтарда 43 балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық алаңдар орнатылды;

Павлодар облысының 15 музыкалық мектебі 241 дана музыкалық құрылғымен қамтылды;

Техникалық мамандықтар студенттеріне 30 000 теңге көлемінде 260 ай сайынғы шәкіртақы берілді;

Жеңімпаз үкіметтік емес ұйымдарға 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейінгі көлемде 6 грант бөлінді.

Бүгінгі таңда Бағдарлама 4 өңірде – Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

2016 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қайырымдылық қызметінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның басты мақсаты – өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасы мен әлеуметтік ортаның жоғары стандарттарына, білімге, мәдениет пен спортқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға ықпал етуді көздейді.

«Менің Елім» бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерінде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сериасын біріктірді. Бағдарламаның басты миссиясы өңірлердегі өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларындағы өмір сүру деңгейіне дейін жоғарылату болып табылады.

Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс