Жаңалықтар
ТАҒЫЛЫМДАМАДАН — ТАБЫСТЫ БЕЛЕСТЕРГЕ

Еліміздегі бірқатар ұлттық компаниялар қазірдің өзінде «Жас өркен» бағдарламасына қатысушы жас мамандардың үздіктерін жұмысқа қабылдауға дайын сыңай танытуда. Бүгінде 2 жылдық еңбек өтілін жинау жобасының 9 айын өткеріп үлгерген, арнайы іріктелген 20 талантты жасқа байланысты «Самұрық-Қазына» қоры тобындағы ірі кәсіпорындардың өзіндік көзқарасы қалыптасып үлгерген.

АЛТЫН МЕН КҮМІС ҚАЛАЙ ӨНДІРІЛЕДІ?

«Тау-Кен Алтын» аффинажды зауыты 2013 жылы қолданысқа тапсырылды. Кәсіпорын ашылғаннан бері 3 жыл мен 10 айда 44 тонна алтын өндірілді. Стандартты құймалардың салмағы және өндірістің жоспары жайлы инженер-технолог Айдар Нұрланов «Жастар сараптамалық-консультативтік кеңестің» аясында өткен кездесуде баяндады.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІКТЕН ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУҒА

Әлеуметтік-экономикалық дамудың заманауи ағымдары еңбек қатынастарына жаңаша көзқарасты талап етуде. Бүгінде әрбір қызметкердің жауапкершілік ауқымы ұлғайып келеді. Ол тек өзінің жұмысы үшін ғана емес, тұтастай компанияның өркендеуіне үлесін қосуы тиіс. Ал еңбек қатынастарын реттеуші әрі қызметкерлердің мүдделерін қорғаушы рөлін атқаратын кәсіподақтардың өз қызметтерін заман талабына сай жүзеге асырғаны абзал. Осы және өзге де мәселелер мұнай-газ саласының кәсіподақтарының көшбасшылары арасында 13 қазан күні Ақтау қаласында өткен «Әлеуметтік әділеттіліктен әлеуметтік дамуға» тақырыбында өткен семинар барысынды талқыға салынды.

Беттер: 12345
Орталықпен байланыс
Үйлестірушімен байланыс