ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

  • Зерттеу құралдары назардағы жағдайға қарай жекелей таңдалады;
  • Ішкі жүйелік ерекшеліктерді ескере отырып, үздік әлемдік тәжірибе (Axes Mng мен Экопси, Gallup) мен зерттеудің біртұтас дәйектелген тәсілдері негізінде әзірленеді 

РЕЙТИНГ ТҮЗУ

Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі

ПЕРСОНАЛДЫ БАҒАЛАУ

Персоналдың жұмылу көрсеткіші

ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ

Зейнетақы реформасына, жекешелендіру мен трансформация бағдарламасына көзқарас

САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Тереңдетілген нақты зерттеулер, жобадан кейінгі сүйемелдеу

ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ

Сервистік бөлімшелер қызметіне қанағаттанушылық

БЕДЕЛДІ БАҒАЛАУ

Компания беделіне аудит жүргізу

МАҚСАТТЫ ҚАУЫМ

Өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты жұмыстан босатылатын компания қызметкерлері

МАҚСАТ

  • Ұжымдағы қысқару үрдісінің барынша жайлы өтуіне септесу;
  • Әлеуметтік жағдайдың ушығуына жол бермеу;
  • Жұмысына сұраныс төмендеген қызметкерлердің қайта еңбекпен қамтылып, оқуына мүмкіндік беретін қолайлы экожүйе қалыптастыру;
  • Жеке кәсіпкерліктің дамуына септесу.

МІНДЕТ

  • Жұмыскерлерге психологиялық көмекті қамтамасыз ету;
  • Жұмыс берушіге кеңес беру;
  • Мүдделі тараптар арасындағы өзара байланысты үйлестіру (компания, жұмысшы, мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар және өзге де басқару тараптары);
  • Қаржылық және құқықтық сауатты көтеру;
  • Қысқартуға жататын жұмыскерлер арасында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін дағдыларды дамыту

МІНДЕТ

Коммуникацияны қалыптастыру бағыттары

  • Коммуникацияға қолайлы экожүйе жасау;
  • Жұмыстың идеологиялық тұрғыда тиімді ұйымдастырылуы (ынта-жігер, шабыт, жоғары құлшыныс, үйлесімді іс-әрекет);
  • Қызметтің негізгі бағыттары бойынша өзіндік дербес сарапшылар құрамын қалыптастырып, жетілдіру;
  • Корпоративтік құндылықтарды насихаттау;
  • Топ-менеджерлер мен қызметкерлерді коммуникация дағдыларына үйрету;
  • Жобаларды коммуникациялық тұрғыда енгізіп, сүйемелдеу (мәселен, трансформация бағдарламасының қоржын компанияларда жүзеге асыру).

ІСКЕ АСЫРУ

Коммуникацияны қалыптастырып, басқару әрекеттері

  • 2020 жылға дейінгі шаралар жоспарымен, «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі коммуникациялар стратегиясын әзірлеу;
  • «Бірыңғай портал» ақпараттық жүйесін жаңғырту;
  • Сараптамалық-консультативтік кеңестер отырысын өткізу (оның ішінде жастар кеңесін қосқанда);
  • Коммуникация алаңдарын құрып, жұмысын ұйымдастыру;
  • «SK NEWS» корпоративтік газетін шығару;
  • Қор компаниялары тобында трансформация бағдарламасын жүзеге асыру бойынша коммуникациялық жобалар.