КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ҚАЙТСЕ ҚОРҒАЛАДЫ?

Бүгін Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі бойынша кеше Ақтау қаласында бастау алған еңбек заңнамасына тақырыбындағы оқыту модулі аяқталуға жақын. Алғашқы күні еңбек қатынастары субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек шартының басты ұстындары, еңбек ету тәртібі, жұмыс уақыты ұғымдары, демалыс мерзімін реттеу, еңбекақы төлеу сынды өзекті мәселелерден тыс, әлеуметтік серіктестік, жеке еңбек даулары, ұжымдық шарт сияқты жайттар қарастырылып, […]

Тиімді әлеуметтік саясат еңбек дауларының алдын алады

Бұл туралы Ақтөбеде өткен «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: тәжірибесі мен даму перспективалары» семинар-кеңесінде қарастырылды. Семинарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы сараптама мекемесінің өкілдері ретінде шақыртқан Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшылары қатысты. Орталық өкілдері өзге қатысушылармен «Самұрық-Қазына» қорындағы еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік-еңбек дауларын анықтау мен алдын алу мәселелеріне қатысты үздік тәжірибелермен бөлісті. Бұл […]

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Доғдыр Бекешовтің өскен ортасын әріптестері «Мұнайшылар әулеті» деп мақтан тұтады. Айтса айтқандай, әкесі Бекеш Сағызбай «КРЭС» мекемесінде өмірінің соңына дейін еңбек етті. Қанды қырғын майданнан аман оралған Ұлы Отан соғысының ардагері еді. Ғасыр айналар ғұмырда мұнайлы мекеннен өз ризық-несібесін терген Бекешовтар отбасының Доғдырдан өзгелері бүгінде құрметті еңбек демалысына шыққан. Ал жолдасы Ұлболсын Ығылманова мұнайшылар асханасының […]

ДАРЫНДЫ ІТ-МАМАНДАР ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНУЫ МҮМКІН

«Самұрық-Қазына» АҚ мен оның құрамындағы компаниялар креативті жас IT-мамандарын жұмысқа алады. Бұл туралы «Цифрлық жаз 2018» бағдарламасының ашылу салтанатында Қордың басқарушы директоры Әлішер Пірметов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамалық бағдарлама «Цифрлық Қазақстан» жобасын дамыту аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама тағылымдамадан өту барысында туындаған қандай да бір идеяларды іске асыру ықтималдылығын бағалауға мүмкіндік береді. «Елбасы атап […]

КӘСІПОДАҚҚА СОҢҒЫ РЕТ ҚАШАН БАРДЫҢЫЗ?

ҚР Кәсіподақтар федерациясында өткен конференцияда баяндама жасаған Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының бас директоры Ербол Исмаилов та осы мәселені нұсқап көрсетіп, бүгінгі таңда қарапайым еңбек адамдары тарапынан әлі де болса кәсіподаққа сенім төмендеу екеніне назар аударды.  Мысалға, 300 мыңға жуық өндірістік алып ұжымы бар «Самұрық-Қазына» қорында қызметкерлер кәсіподақ жұмысына жалпы қанағаттанарлық көзқарасын білдіргенімен, оның […]

ЖАНАРМАЙ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңадан салынған RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылданды. Осы уақыттан бастап «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құрылымдау» стратегиялық жобасы аясында іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау кезеңі – технологиялық қондырғыларды кешенді сынау жұмыстары басталады. Шикізатты қабылдауға дейін келесідей үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді: […]

«ЖАС ӨРКЕН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Әлішер Пірметовтің төрағалық етуімен жас мамандарға арналған «Жас Өркен» бағдарламасы байқауының ақтық кезеңі – байқау комиссиясының отырысы өтті. Жыл басында, естеріңізде болса, байқауға қатысуға 737 үміткер өтініш берген болатын. Міне, енді, олардың 27-сі іріктеу сатыларынан сәтті өтіп, ақтық кезеңге сүрінбей жетті. Бұл – 2016, 2017, 2018 жылдары еліміздегі бірқатар жоғары […]

Тағылымдама бағдарламасы — тәжірибе арқауы

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қордың қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз 2018» тағылымдама бағдарламасынының сұхбаттасу кезеңі басталды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.  Екі айдың ішінде бұл бағдарлама үлкен сұранысқа ие болып отыр. Өтінім бергендердің саны 2100-ге жетіп, олардың 500-і негізгі IT білімін тексеретін сынақтан сүрінбей өткен. Соның ішінде 72 жас маман тағылымдамаға шақырылмақ.  Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік танылған […]

ЕНДІГІ КЕЗЕКТЕ — АСТАНА

Кеше, яғни 2 маусым күні Ақтау қаласындағы «Үлес» кеңсесінде жаңа маусым алдында Әлеуметтік тұрақтылық индексі әдістемесі таныстырылды. Оңтүстік өңірлерден кейін батысқа ойысқан «Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшылары жергілікті компаниялардың HR және әлеуметтік сала мамандарымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын зерттеу мәселелерін талқыға салды. Ертең мұндай көшпелі семинар-кеңес Астана қаласында да өтеді деп жоспарланып отыр. […]

АЛМАТЫДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ТАПШЫЛЫҚ ЖОЙЫЛАДЫ

Алматыда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен «Түркісіб» қосалқы станциясы іске қосылды. Осы арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ 10 жыл бұрын басталған «Алматыны энергетикалық қайта жарақтандыру» бағдарламасын толық аяқтады. Жаңа қуат көзінің нысаны Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтауға мүмкіндік бермек. «Түркісіб» қосалқы станциясы трансформаторлық қуат қауқарын 30 МВА-ға арттырып, Түрксіб ауданының орталық бөлігін, сондай-ақ «Қолжетімді баспана» […]