Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеп, әлеуметтік серіктестік ұстанымдарын дамытуға арналған алаң болып саналады.
Орталық Қазақстандағы және шетелдегі талдау және ғылыми-білім беру орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан: Дүниежүзілік өндірістік және еңбек қатынастары қауымдастығы (ILERA), Назарбаев университеті, АLMAU, Санкт-Петербург гуманитарлық университеті, Дубна университеті, Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы.
Белгілі халықаралық мектептердің әлеуметтану саласындағы магистрлік бағдарламалар түлектері жұмыс істейтін Орталықтың күшті талдау тобы жыл сайын экономиканың саналуан саласындағы 300 және одан да көп компанияларда терең және сандық зерттеу жүргізеді.
Қазақстанда Орталықтың ең кең қызмет ету желісі қалыптасқан - 1200 сауалнама нүктесі, онда жыл сайын 40 000 қызметкерге сауалнама жүргізіледі.
Орталықтың Өзгерістерді басқару саласындағы мамандар командасы жұмыстан босаған қызметкерлерді әлеуметтік бейімделуге маманданған.
Орталықтың коммуникациялық тобы ұлттық маңызы бар ауқымды іс-шараларды өткізу, дағдарысқа қарсы және стратегиялық коммуникацияларды құру, PR-насихат және корпоративтік секторда бірегей жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибесі бар мамандардан тұрады.
Орталықтың коммуникация тобы корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін өркендету және Қордағы ішкі коммуникацияларды біріктіру мақсатында ақпараттық ресурстар мен кәсіби қауымдастықтарды дамытады.
Орталық құзырындағы жабық ішкі ақпараттық ресурс - «Myportal.kz» бірыңғай корпоративтік порталы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 43 мыңнан астам тіркелген пайдаланушысын біріктіреді. «SK news» корпоративтік газетінің мақсатты қамту көлемі – 300 мың қызметкер..
Орталық ашқан Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі, қазіргі заманғы үрдістерге және ILERA ұсынымдарына сәйкес, өндірістік ұжымдарға кәсіподақ жетекшілерін дайындайды.
Ішкі коммуникация мектебі мамандар біліктілігін арттыру мен стратегиялық сессияларды өткізуде икемді модульдік бағдарламаларға ие.
Орталық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру мен әлеуметтік келеңсіздіктер қаупін азайтуда қатерлі аймақтарды таразылап, жастардың консультативтік кеңесі, омбудсмендер клубы және медиаторлар пулы сияқты кәсіби қауымдастықтарды дамытуға мүдделі. Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мен корпоративтік ресурстарды шоғырландыру және тәжірибе алмасу жолында Корпоративтік БАҚ клубын құруға ықпал етті.