Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы (ӘӨКЫО) жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Қазақстанда АЭС салу бастамасын қолдайтындардың үлесі 61%-ды құрайды. Сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы референдумға қатысуға дайындығын мәлімдеген.
Тамызда жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, халықтың ақпараттану деңгейі 63%-ды құрады. Бұл сауалнамаға жауап берген әрбір 10 адамның 6-уы АЭС салу жөніндегі бастама туралы жаңалықты оқығанын не естігенін білдіреді. Гендерлік тұрғыда бұл туралы ерлер (68%) әйелдерге қарағанда (59%) көбірек хабардар екенін атап өту керек. Мұндай айырмашылықты қоғамның әйелдер бөлігі денсаулық не білім тақырыбындағы soft-news ақпаратты тұтынуға бейіл екенімен, ал ерлер саяси жаңалықтарға қызығатынымен түсіндіруге болады.
Хабардар болудың жоғары деңгейі 50-65 жастағы (74%) тұрғындар арасында байқалады. Қалалық тұрғындар (65%) АЭС қсалу жоспары туралы ауыл тұрғындарына (60%) қарағанда көбірек хабардар.
Өңірлер арасында ақпараттану деңгейі бойынша айырмашылықтар байқалады. Хабардар болудың ең жоғары деңгейі Ұлытау (82%) және Қарағанды облысында (78%) тіркелді. Қазақстан облыстарының тең жартысында халықтың ақпараттану деңгейі ел бойынша көрсеткіштен (63%) төмен. Хабардар болудың ең төмен деңгейі Маңғыстау (41%), Қызылорда (52%), Атырау (52%), Солтүстік Қазақстан (53%) және Ақмола (54%) облыстарында байқалды.
Қазақстанға жаңа технологияларды, оның ішінде атом энергетикасын дамыту мақсатында әкелу туралы мәселеге респонденттердің 69%-ы қолдап жауап берді. Тек 28%-ы ғана қарсылық танытты. Жаңа технологияларды тартуды студенттер (83%) мен жұмыс істейтін тұрғындар (70%) бәрінен көбірек қолдайды. Ең аз қолдайтындар — декреттік демалыстағы әйелдер (55%). Сондай-ақ, әйелдерге (66%) қарағанда ерлер (74%) жаңа технологияларды тарту мәселесіне көбірек ынталы.
Бұл зерттеудің ең басты мәселесі Қазақстанда АЭС салу идкясын қолдау мәселесі болды.
Сауалнама нәтижесі бойынша, Қазақстанда АЭС салу бастамасын қолдау деңгейі 61%-ға тең.
АЭС салу идеясын жауап бергендердің 27%-ы қолдамайды. 12% жауап бергендер таңдауын айқындамаған.
Егер терең қарайтын болсақ, қолдау деңгейінде гендерлік айырмашылық барын байқауға болады. Ер тұрғындар (66%) бұл идеяны әйелдерге (56%) қарағанда қолдауға бейім. Айта кетейік, АЭС салу идеясы 18-29 жас аралығындағы жас азаматтар арасында көбірек қолдау тапқан, олардың 70%-ы жобаны жүзеге асыруды қолдайды. Өзге жас топтарында қолдау деңгейі 60%-дан төмен.
Қазақстанда АЭС салу идеясын 50-65 жастағы (56%) тұрғындар ең аз қолдайды. Респонденттердің жұмысы бойынша: АЭС салу идеясын қолдау студенттер (72%) және жалдамалы жұмысшылар (62%) арасында байқалады, ал ең аз қолдағандар – жұмыссыздар (57%) мен үй шаруашылығындағы әйелдер (54%). Сондай-ақ, респонденттердің табыс деңгейіне қарай олардың АЭС салу идеясын қаншалықты қолдайтынына талдау жасалды. Бұл ретте заңдылық байқалады: жауап бергендердің табыс деңгейі қаншалықты жоғары болса, олар соншалықты елде атом энергетикасын дамыту идеясын қолдайды. Өзін жоғары табыс иесі деп есептейтін респонденттердің 74%-ы АЭС салу идеясын қолдап жауап берді. Ал табыс төмен тұрғындар арасында бұл идеяны қолдау деңгейі 52% ғана.
Сауалнама бойынша, халықтың 2024 жылғы күзде өтетін АЭС салу идеясы бойынша референдумға қатысу ықтималдығы 51%-ды құрайды.
Референдумға қатысушылардың ең көп болуы Шығыс Қазақстан (68%), Батыс Қазақстан (63%) және Қостанай облысында (62%) болады деп болжанып отыр.
Референдумға қатыспаймын деп жауап берген тұрғындар оның ықтимал себебін де атап көрсетті. Респонденттер көп жағдайда референдумға қатысуға бос уақытының болмауын (43%) себеп ретінде көрсеткен. Респонденттердің 23%-ы Үкімет ел үшін мұндай маңызды шешімді өзі қабылдауы керек деп есептейді. Сондай-ақ, дауыс берудің ашықтығына күмән келтіргендер болды, ал респонденттердің 14%- оның дауысы ештеңе шешпейді деп атап көрсеткен.
Сауалнама талдауы көрсеткендей, қазақстандықтар бұл бастаманың себептері туралы жақсы хабардар. Респонденттердің басым бөлігі (83%) энергетика саласында жиналып қалған мәселенің шешімі АЭС құрылысы деп есептейді және экономиканың даму песрпективасына сенеді.
Зерттеу әдістемесі
Зерттеудің басты аудиториясы (нысаны) — 18-65 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары. Зерттеу респонденттердің өңір, тұрғылықты мекен, жынысы және жасына қарай жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғылықты жері (қалалық және ауылдық елді мекен), жасы мен ұлтына қарай талдау жасалды. Зерттеу нысанының өлшемі – 2000 адамнан кем емес.
Мәлімет жинау тәсілі — стандартты анкета түріндегі телефон сауалнамасы. Респонденттерге сауалнама мемлекеттік және орыс тілдерінде жауап беру мүмкіндігі ұсынылды. Сауалнама 2024 жылғы 6-13 тамыз аралығында жүргізілді.
Он жылдан астам уақыт бұрын құрылған Әлеуметтік өзара ынтымақтастық және коммуникация орталығының социологиялық қызметі қазақстандық компаниялардағы еңбек ұжымдарының әлеуметтік тұрақтылық деңгейіне мониторинг жасаумен айналысады.
Зерттеу құралы зерттеу тақырыбының ерекшелігін ескере отырып, жеке таңдалады
Әлемдік озық тәжірибелердің тәжірибесі және қолданыстағы ішкі жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеулерге бірыңғай стандартталған тәсілдер негізінде әзірленеді.