«Үздік маман» конкурсы
Конкурс өндірістік кәсіптерді танымал ету, қызметкерлердің тартылуын арттыру, мотивация жүйесін құру және «Самұрық-Қазына» АҚ-ы компаниялар тобының бірыңғай құндылықтарын ілгерілету үшін өндірістік салалар өкілдерінің пулын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында корпоративтік волонтерлікті дамыту
Корпоративтік волонтерлік 4 бағыт бойынша дамып келеді: «Asyl mura» – мәдениет саласындағы волонтерлік; «Taza Qazaqstan» – экология саласындағы волонтерлік; «Qamqor» – материалдық емес көмек көрсетуге және мұқтаждарға қамқорлық жасауға бағытталған қоғамдық волонтерлік; «Umit» – экожүйені қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік волонтерлік.
«Үздік Волонтер» конкурсы
Конкурстың негізгі мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ-ы компаниялар тобында корпоративтік волонтерлікті танымал ету және дамыту, әлеуметтік маңызды қызметті жүзеге асыратын волонтерлік қозғалыс көшбасшыларын анықтау және көтермелеу, корпоративтік волонтерлік саласындағы үздік тәжірибелерді көрсету.