2020 жылғы 10 маусымда ӘӨКО жанынан «Нысана» колл-орталығының бастамашыл ақпарат беру «қауырт желісі» ашылды
«Samruk Research Service» платформасы шеңберінде портфельдік компаниялар мен еншілес ұйымдардың еңбек ұжымдарында тарату үшін жаңа КО-ны танымал ету бойынша PR-компания аясында 2020 жылғы қыркүйекте баспаханада «Нысана» колл-орталығының (7 500 қаз,. 7 500 орыс.) логотипі мен байланыс деректері бар 15 000 жапсырмаға тапсырыс берілді. Тараз, Шымкент, Түркістан, Рудный, Қостанай, Ақтөбе, Орал қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, БҚО және Қостанай облыстарында орналасқан «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ-ның өндірістік кәсіпорындарында 10 000-нан астам жапсырма таратылды
Қор компаниялары тобының өндірістік кәсіпорындарында Ақтау, Атырау қалаларында және Атырау, Маңғыстау облыстарында (1 000 қаз., 1 000 орыс.), тарату үшін Ақтау қаласындағы «Үлес» кеңсесіне жіберілді.
2020 жылдың 23 қыркүйегі мен 05 қарашасы аралығында ӘӨКО қызметкерлері «Нысана» колл-орталығы бойынша жапсырмалар мен кітапшаларды таратып және ауызша презентация жүргізіп, 60-тан астам өндірістік кәсіпорындарға барды (Тараз қ., Шымкент қ., Түркістан облысы, Қостанай қ. және Рудный қ., Ақтөбе қ. және Ақтөбе облысы, Орал қ. және БҚО).
Көптеген өндірістік кәсіпорындарда қызметкерлер құпиялылық, өтініштерді қарау мерзімдері және т.б. туралы сұрақтар қойды. «Нысана» колл-орталығының басшысы жергілікті жерлерде кідіріссіз түсініктеме берді
Ақтау қ. «Үлес» кеңсесі ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында Қордың Ақтау, Атырау қалалары мен Маңғыстау және Атырау облыстарында орналасқан еншілес тәуелді ұйымдарында «Нысана» колл-орталығының офлайн және онлайн тұсаукесерлерін өткізді. Бүгінгі күні 31 кәсіпорында тұсаукесер ұйымдастырылды
16 компаниямен онлайн-бейнеконференция режимінде түсіндіру презентациясы өткізілді, сондай-ақ нысан КО бойынша 1500 жапсырма, 500 кітапша және 11 «SK News» журнал таратылды. Атырау облысы бойынша онлайн режимінде 7 мекемеде презентация өткізілді. Аталған кәсіпорындарға DHL поштасымен Нысана КО бойынша 500 жапсырма және 7 «SK News» журналы жіберілді.
«Нысана» КО-да төрт байланыс арнасы бар:
көпарналы телефон: 8-800-080-30-30
Whats App мессенджері: 8-702-075-30-30
электронды пошта: nysana@cscc.kz
Веб-сайт: www.nysana.cscc.kz
Сонымен қатар 2020 жылғы 11 желтоқсанда ӘӨКО алаңында Басқарма төрағасының режим және экономикалық тәуекелдер жөніндегі кеңесшісі, «Самұрық-Қазына» АҚ-ы қорының мониторинг және қауіпсіздікті басқару орталығының басшысы, портфельдік компаниялар мен еншілес тәуелді ұйымдардың омбудсмендерінің қатысуымен 10.12.2020-10.01.2021 жылдар аралығындағы электоралды кезеңдегі әлеуметтік тұрақтылық тақырыбында «Дөңгелек үстел» бейнеконференциясы өтті
Кеңес шеңберінде «Нысана» колл-орталығының презентациясы жасалды, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап жұмыс істеу кезеңінде портфельдік компаниялар бөлінісінде жаңа жүйенің есептілігі көрсетілді. Сондай-ақ портфельдік компаниялардың омбудсмендеріне дағдарыс жағдайларында өзара ықпалдасу, жұмыста пайдалану үшін жадынамалар жіберілді